СҚО әкiмi Чкалово және Чириковка ауылдарының тұрғындарымен кездестi

СҚО әкiмi Чкалово және Чириковка ауылдарының тұрғындарымен кездестi

Өңiр басшысы Құмар Ақсақалов жұмыс бабымен Тайынша ауданының Чкалово ауылы мен Есiл ауданы Чириковка ауылында болды. Облыс әкiмi жергiлiктi тұрғындармен кездесулер өткiзiп, ауыл тұрғындарын толғандырған мәселелердi талқылады. Ол өңiрде атқарылып жатқан жұмыстар мен жоғарыда аталған ауылдардың даму мүмкiндiктерiне тоқталды.

Сондай-ақ, Чкалово және Қарағаш ауылдарына кiреберiс жолдардың жөндеу жұмыстарымен танысты. «Агрофирма Эксимнан» ЖШС-нiң бау-бақша шаруашылығының дамуымен танысты. Серiктестiк қараусыз қалған бақшаны өсiруге кiрiстi.