
СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов қаладағы бiрқатар нысандарды аралады. Өңiр басшысы «Жас Өркен» ықшам ауданындағы мектепке барды. Жаңа тұрғын үйдiң құрылысымен де танысты.
Петропавлда көтерме-тарату орталығының құрылысы да аяқталып келедi. Бұл нысанда тауарлар сақталып, таратылатын болады. Кәсiпкерлердiң шығыны азайып, тұтынушыларға тауардың бағасы арзандайды.
Темiр жол вокзалын қайта қалпына келтiру жұмысы да жалғасуда. Эскалаторлар мен лифттер қойылады. Вокзал маңы да көркейтiледi.






