Петропавлда 306 студентке арналған жатақхананың құрылысы басталды

Петропавлда 306 студентке арналған жатақхананың құрылысы басталды

Солтүстiк Қазақстан облысында студенттерге арналған жаңа жатақхананың құрылысы 2020 жылдың тамызында аяқталады. Мемлекеттiк-жекеменшiк серiктестiк аясында инвестор Денис Бернат 280 орынға шақталған жатақхананы қолданысқа бердi. Жанынан 306 орындық жаңа жатақхананың құрылысы басталды.

Қазiр СҚУ-де 7,2 мың студент бiлiм алуда, алайда оның барлығы жатақханада орынмен қамтылмаған.

«3247 студентке баспана қажет, оның 1856-сы орынмен қамтылған. Ал 1391 студентке орын тапшы. Қамтылу 58% құрайды. Жаңа жатақхананы iске қосқан кезде бұл көрсеткiш 67% жетедi. Бiз бұл мәселенi жүйелi түрде шешемiз», — дедi Құмар Ақсақалов.