
Бұл жайында әлеуметтiк желiдегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.
Облыста iрiмшiк шығаруға бейiмделген «Eurasian milk» зауыты iске қосылды. 13 млрд.тг инвестиция құйылды. Кәсiпорында қосымша 120 тұрақты жұмыс орны құрылды. Заманауи еуропалық қондырғы орнатылды. Жаңа кәсiпорын жылына 2,5 мың тонна iрiмшiк өндiрмек.
«Бiз сүт зауыттарын шикiзатпен қамтамасыз ету үшiн жыл сайын 10 ферма салуға мақсат қойдық. Жоспар орындалуда. Былтыр 10 сүт фермасы ашылса, биыл 11 кешеннiң құрылысы жалғасуда. Жыл соңына дейiн 8 ферма iске қосылады. Келесi жылы тағы 10 кешеннiң құрылысы басталады», — деп жазды өңiр басшысы.