
«Бүгiн Сурдлимпиада ойындарының қатысушыларына құрмет көрсетiлдi. Жерлесiмiз Фархад Қыстаубаев Сурдлимпиада чемпионы атанып, Бразилияда елiмiздiң көк Туын биiкке көтердi. Бұл Сурдлимпиада тарихындағы облысымыз үшiн бiрiншi алтын медаль. Рахат Табулов пен Владимир Беккер де жақсы өнер көрсеттi. Бапкерлердiң де еңбегiн атап өтейiн. Жiгiттерге алғысым шексiз!», — деп жазды облыс әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.