Қала нысандарын аралау барысында СҚО әкімі көпсалалы аурухана құрылысына тоқталды. Аймақ басшысы жоба жүзеге асады деп сендірді.
«Қазір Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік жекеменшік әріптестік механизмдерін әзірлеуде. Аурухананың құрылысы тоқтап қалады деп қорқудың қажеті жоқ. Жобаны аяғына дейін жеткіземіз. Күзге таяу жобаны қайта жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Құрылысты жалғастыруды Президент мақұлдады», - деді Құмар Ақсақалов журналистерге.