СҚО әкімі театр құрылысы туралы: «мердігер өз міндетін орындамады»

СҚО әкімі театр құрылысы туралы: «мердігер өз міндетін орындамады»

Бүгін қаладағы құрылыс нысандарын аралау барысында СҚО әкімі Құмар Ақсақалов театр құрылысын бақылап, құрылыс бойынша жағдайды айтты.

«Театрдың ашылуы 2019 жылдың соңына жоспарланған болатын. Бірақ мердігер өз міндеттемелерін орындамады. Олармен келісім-шартымызды бірнеше рет ұзарттық. Жұмыс істеуге мүмкіндік берілді, қаражат болды. Бірақ компания адамдар мен техниканы жұмылдыра алмады. Кешігу Әрдайым кешігу болды. Сондықтан сотқа жүгіндік. Сот компанияны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды.  Бүгінде басқа компания жұмыс істеп жатыр. Бұл жобаны жыл соңына дейін аяқтаймыз деп үміттенеміз. Қаржы әр уақытта болды, тек жұмыс керек еді», – деді Құмар Ақсақалов.