«Тимирязевте заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Бұл облыс орталығында соңғы жылдары салынған бесінші спорт кешені. Тағы 5 кешеннің құрылысы жалғасуда», - деп жазды облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Тимирязевте спорт кешінінің жанынан өткен жылы жабық хоккей корты салынды. Айтпақшы, облыста 6 хоккей корты ашылды, тағы екеуінің құрылысы жүріп жатыр.
Спорт кешендері мен хоккей корттары аудан спортшылары, балалар мен жастар үшін тартымды орынға айналды. Қазір жаңа спорт кешендеріне бір мыңнан астам ауыл балалары мен жасөспірімдер барып жүр. Түрлі спорт түрлерінен аудандық және облыстық жарыстар өткізіледі. Қариялар мен аудан тұрғындары сауықтыру үйірмелеріне қатысады.