«Ақжар ауданында барғанымда Александр Герлицтің ата-анасының үйіне соқпай кете алмадым. Паралимпиаданың қола жүлдегері Горьковское ауылында туып-өскен. Дәл осы Солтүстік Қазақстан жерінде біздің спортшымыз қалыптасты. Александр Александрович пен Анна Дмитриевнаның Сашаның балалық шағы мен жастық шағы, мақсатына қайсарлықпен қарай жеткені туралы әңгімесін тыңдадым. Ұлына лайықты тәрбие берген ата-анасына алғысымды білдірдім. Саша – біздің мақтаныш, оның өмір жолы көпке үлгі», – деп жазды Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында.