СҚО әкімі Ақжар ауданына барды

СҚО әкімі Ақжар ауданына барды

«Сенбі күні Ақжар ауданындағы Ұялы ауылына барып, тұрғындармен жүздестім. Ауданда биыл біршама жұмыс атқарылмақ», - деп жазды облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында.

1,2 млрд.теңгеге 6 ауылдың жолдарына асфальт төселеді. Оның ішінде Ұялы, Дәуіт, Ленинградское, Талшық, Киевское, Горьковское бар. Көкшетау-Омбы-Бостандық-Киевское жолының 57 шақырымы жөнделеді. Қызылту мен Ащыгөлге кіре беріс жол қалпына келеді.

Ауыз су мәселесі біртіндеп шешілуде. Соңғы 3 жылда ауданның 13 ауылына су келді. Биыл Үлгілі, Ақсары, Баймырза, Горьковское, Ленинградское және Ұялыда жұмыстар жүргізіледі.

Интернетке Ақжар ауданында екі жылда 7 ауыл қосылды. 2022-2024 жылдары Ақсай, Кенащы, Байтус, Коммунизм және Ақсарыда мобилді интернет орнатылады.

Мектептер жаңғыртылуда. Ауданда 3 жылда 12 мектеп жөнделді. Биыл Қулыкөл ауылындағы мектеп жөнделеді.

Талшықта көп қабатты тұрғын үйлер жылу жүйесіне қосылуда. Былтыр іске қосылған жаңа қазандықтың жұмысымен танысып, үйдің тұрғындарымен тілдесті. Былтыр орталық жылу жүйесіне 8 үй мен 11 әлеуметтік нысан қосылды. Биыл тағы 12 үй қосылмақ. Жалпы биыл Айыртау, Ақжар және Мамлют аудандарында 18 көпқабатты үйді қосу жоспарда бар.