
Облыстық әкiмдiкте инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы талқыланды. Өнеркәсiп саласында 34 жоба жүзеге асып, 226 млрд. тг тартылады. 3 мыңнан аса тұрақты жұмыс орны ашылады.
Фанера зауыты, шрот шығаратын цех, термовагондар зауыты, электротехникалық кәсiпорын және ағаш өңдеу зауыты iске қосылады. Өңiрде жел паркi де салынады. 25 жел генераторы орнатылып, 50 мегаватт электр қуаты өндiрiледi.
«Бұл жобалар өңiр экономикасына тың серпiн бередi. Бiздiң мақсат экономиканы аграрлы-индустриялы ету. Жаңа кәсiпорындар ашып, өндiрiс көлемiн ұлғайту керек», — дедi Құмар Ақсақалов.




