СҚО-да жаңа үлгiдегi жетiншi сүт фермасы ашылды

СҚО-да жаңа үлгiдегi жетiншi сүт фермасы ашылды

Бүгiн Заградовкада жаңа сүт фермасы iске қосылды. Биыл 3 заманауи сүт кешенi iске қосылды. 2020 жылы тағы 10 кешеннiң құрылысы басталмақ. Айта кету керек, бұл соңғы 2 жылда ашылған 7-шi ферма.

«Мал шаруашылығы өте табысты бизнес, әсiресе сүт өндiрiсi. Қазiр бiз аталмыш фермалардың санын көбейту бойынша шаруалармен тиiстi жұмыстарды жүргiзiп жатырмыз. Мемлекет қолдау көрсетуде, тиiмдi субсидия төленедi», — дедi Құмар Ақсақалов.

Бүгiн сонымен қатар, Заградовка селосында жаңа орталық ашылды. Онда дәмхана, шаштараз, балаларға ойын алаңы бар. Жергiлiктi шаруалар ауылдың әлеуметтiк дамуына көп үлес қосуда. Өiр басшысы диқандарға алғысын бiлдiрiп, осындай үлгiлi ауылдар көп болу қажет дедi.