
СҚО-да Тәуелсiздiк күнiне арналған салтанатты жиын өттi. Жиналыста өңiрдiң 28 жылда жеткiзген жетiстiктерi сараланды. СҚО барлық салаларда биiк белестердi бағындырды.
«Қазақстанның 30 жылдағы экономикалық дамуын саралап отырып, ауқымды жұмыстардың атқарылғанын көруге болады. Осыны сақтап, еселеу бiзге аманат. 1991 жылдан берi астық көлемi 2 есеге ұлғайды. Тәуелсiздiк жылдары облыста 3 миллион шаршы метрден астам баспана берiлдi. Өңiрдi дамытуға арналған жоспар да өз жемiсiн беруде», — дедi Құмар Ақсақалов.
Салтанатты жиында елiне еңбегi сiңген бiр топ азаматтар марапатқа ие болды.





