
Солтүстiкқазақстандық «Қуаныш» волейбол клубы клубтар арасындағы Азия чемпионы атанды. Бұл волейболшыларымыздың халықаралық аренадағы алғашқы жарысы. Бiздiң қыздар Тайланд, Иран, Қырғызстан және Өзбекстан клубтарынан басым түстi. Финалда солтүстiкқазақстандық волейболшылар тартысты ойында «Алтай» клубын жеңдi.
«Волейболшыларымызды және солтүстiкқазақстандық жанкүйерлердi Азиядағы үлкен жеңiспен құттықтаймын! Бұл жеңiс "Қуанышқа" клубтар арасындағы Әлем бiрiншiлiгiне қатысуға мүмкiндiк бередi. Бiздiң қыздарға әлемдiк аренада сәттiлiк жолдас болсын!», — деп жазды СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.