
СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Береке ықшам ауданындағы 100 пәтерлi үйдiң тұрғындарымен кездесiп, қоныс тоймен құттықтады.
«Қоныстойды көпбалалы отбасылар, жетiмдер, мүгедектер атап өтуде. Биыл 8 мыңнан аса адам пәтерге ие болды. Оның iшiнде 126-сы көп балалы отбасылар. 3 жылда көпбалалы отбасыларды баспанамен толық қамтамасыз етемiз», — деп жазды өңiр басшысы жеке парақшасында.
Бұл күнi Петропавлда жаңа шағын орталықтың ашылуы өттi. Орталыққа 3 жасқа дейiнгi балалар барады.
«Бүгiнде 3 пен 6 жас аралығындағы барлық балалар балабақшаға барады. Ендiгi мақсат: 3 жасқа дейiнгi бүлдiршiндерi қамтамасыз ету. Бұл үшiн көпқабатты үйлерде шағын орталықтарды ашатын боламыз», — дедi Құмар Ақсақалов.
