
Осы оқиғаға орай облыс әкiмiнiң қатысуымен өткен жиында сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған шаралар пысықталды.
Өңiрде бұл бағытта бiрнеше жоба жүзеге асуда. Олар мемлекеттiк органдардың ашықтығына және жаппай қоғамдық бақылау құруға бағытталған. Азаматтар басшылардың әлеуметтiк желiлердегi парақшаларына жазып, «Ашық әкiмдiк» платформаларын қолдана алады.
«Ашық бюджеттердiң интерактивтi картасы жасалды. Осының арқасында тұрғындар қаржының қайда бағытталып жатқанын көре алады», — дедi Құмар Ақсақалов.

