Көпсалалы қалалық ауруханаға жаңа компьютерлiк томограф орнатылды

Көпсалалы қалалық ауруханаға жаңа компьютерлiк томограф орнатылды

«Көпсалалы қалалық ауруханаға заманауи компьютерлiк томограф орнатылды. Жаңа аппараттың мүмкiндiктерi мол, сапалы сурет жасайды. Науқас дәл диагноз және дұрыс ем алады. Сондай-ақ бұл қалалық ауруханаға жаңа МРТ аппараты қойылады. Жыл соңына дейiн облыстық балалар ауруханасына заманауи МРТ аппаратын орнатамыз», — деп жазды облыс әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.

Жалпы 5 жыл iшiнде КТ саны екi есеге өстi. Сәйкесiнше, тұрғындарды томографпен қамту 2,5 есеге ұлғайды. 2017 жылы 12,5 мың тексеру жүргiзiлсе, былтыр 30 мыңға жеткен.

Жоғары дәлдiктегi қондырғылардың болуы өз нәтижесiн беруде. Облыста туберкулез ауруы 2 есеге, онкологиялық аурулардан болатын өлiм-жiтiм 24 процентке азайды. Әйелдерде онкология бастапқы кезеңде анықталады. Ең бастысы — адамдардың денсаулығы мен өмiрi сақталуда.