СҚО әкiмi газдандыру бойынша Сенатта сөз сөйледi

СҚО әкiмi газдандыру бойынша Сенатта сөз сөйледi

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Сенаттың Үкiмет сағатында газдандыру мәселесi бойынша сөз сөйледi.

Облыста жыл сайын көмiр тұтыну көлемi 619 мың тоннаны құрайды. 1 жеке меншiк үйге көмiр мен отынға жұмсалатын шығын орташа есеппен айына 25 мың теңгенi құрайды. Бiр тұрғынға жылыту маусымына барлығы 189 мың теңге қажет. Салыстыру үшiн айтсақ. Қарағанды облысында 1 жеке меншiк үйдi газбен қамтуға айына 14 мың теңге кетедi. Нұр-Сұлтан қаласында тұрғындар айына 13 мың теңге жұмсайды.

«Облысты газдандыру үшiн «Сарыарқа» газ құбырын тарту ең ұтымды нұсқа болып табылады. Бұл жобаның құны — 140 млрд.тг. 139 елдi-мекен қосылып, 457 мың адам қамтылмақ. Облыстың газға деген қажеттiлiгi жылына 2 млрд.текше метрдi құрамақ», — деп айтты СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов.

Облыс басшысы газдың келуi инвесторларды тартып, халықтың өмiр сапасын жақсартуға мүмкiндiк бермек дедi.