Солтүстiк Қазақстанда заманауи сүт фермасы ашылды

Солтүстiк Қазақстанда заманауи сүт фермасы ашылды

Бүгiн «Дайындык агро» серiктестiгiнiң жаңа сүт фермасы iске қосылды. Жаңа ферманың жұмысымен өңiр басшысы Құмар Ақсақалов танысты. Заманауи ферма соңғы үлгiдегi техникамен жабдықталған. 28 тұрақты жұмыс орны ашылды. Ендi ауыл тұрғындары жыл бойы жұмыспен қамтылған.

Биыл 3 заманауи сүт кешенi iске қосылады. Былтыр төртеу ашылды. 2020 жылы тағы 10 кешеннiң құрылысы басталмақ. Жаңа фермалар сүт өндiрiсiн жылына 20 мың тоннаға көбейтуге мүмкiндiк бередi.

«Мал шаруашылығы өте табысты бизнес, әсiресе сүт өндiрiсi. Осы кәсiппен айналысып отырғандар пайдасын көрiп отыр. Қазiр бiз аталмыш фермалардың санын көбейту бойынша шаруалармен тиiстi жұмыстарды жүргiзiп жатырмыз», — дедi Құмар Ақсақалов.