СҚО әкiмi Оңтүстiк Орал темiр жолының басшысымен кездестi

СҚО әкiмi Оңтүстiк Орал темiр жолының басшысымен кездестi

«Оңтүстiк Орал темiр жолының басшысы Игорь Рязановпен жүздестiм. Кездесуде темiр жол саласын дамыту және екi ел арасындағы жолаушылар тасымалы мәселелерiн талқыладық. «Петропавл-Есiлкөл» және «Петропавл-Петухово» электр пойыздарының қозғалысын жандандыруға келiстiк. Естерiңiзге сала кетейiн, олардың қозғалысы 2 жыл бұрын пандемияға байланысты тоқтап қалған едi. Көлiктiң бұл түрi шекаралас облыстардың тұрғындары арасында сұранысқа ие», — деп жазды СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.

Сондай-ақ кездесуде «Маслодел» серiктестiгi салып жатқан майды экстракциялау зауыты үшiн қажеттi кiрме темiр жолды салу мәселесi талқыланды. Облыс үшiн өте маңызды өндiрiс ошағы. 15 млрд.тг инвестиция тартылуда. 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл жоба тез арада бекiтiлмек.