СҚО әкiмi Виктор Зайберттiң отбасына көңiл айтты

СҚО әкiмi Виктор Зайберттiң отбасына көңiл айтты

«Көрнектi ғалым, тарих ғылымдарының докторы, археология профессоры Виктор Федорович Зайберт дүниеден озды. Солтүстiк Қазақстанның көне тарихына қатысты 100-ден астам ғылыми мақалалар, монографиялар мен жаңалықтардың авторы», — деп жазды облыс әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.

Виктор Зайберттiң тынымсыз еңбегiнiң арқасында бүкiл әлем Ботай мәдениетiмен танысты. Бiздiң ғалым жылқының алғаш Солтүстiк Қазақстан даласында қолға үйретiлгенiн дәлелдедi. Солтүстiкқазақстандық археологтың көп жылғы еңбегi — елiмiздiң тарихи мұрасы.

«Виктор Федорович Зайберттiң отбасына қайғырып көңiл айтамын», — дедi СҚО әкiмi.