СҚО-да цифрландыру тасымалдаушылардың көлеңкелi бизнесiне тосқауыл болады

СҚО-да цифрландыру тасымалдаушылардың көлеңкелi бизнесiне тосқауыл болады

СҚО әкiмдiгiнiң отырысында Петропавлдағы автобус бағыттарын тексеру қорытындылары шығарылды. Тексерiс көрсеткендей, тасымалдаушылар жолаушылардың санын 3 есеге дейiн азайтып көрсетедi екен. Бұл мәселенi цифрландыру шешпек.

«Электронды билеттер осы мәселенi шеше алады. Осының арқасында нақты жолаушылардың санын бiлiп, көлеңкелi кiрiстi жоя аламыз. Цифрландырумен қатар автобус паркiн де жаңарту керек. Келесi жылы 100 жаңа автобусты сатып алуды жоспарлап отырмыз. Қазiр сұрақты шешудiң амалдарын қарастырып жатырмыз», — дедi СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов.