
«Біздің «Есіл-СК» волейбол клубы өз тарихында алғаш рет волейболдан Ұлттық лиганың күміс жүлдесін жеңіп алды. «Қуаныш» қыздар волейбол клубы өз деңгейін растап, Ұлттық лигада үшінші орынды иеленді. Айта кету керек, қыздарымыз алғаш рет клубтар арасындағы Азия біріншілігіне қатысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, «Барс» баскетбол клубы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды. Барлық спортшыларымызды жетістіктерімен құттықтаймын!», - деп жазды облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында.