
«Бүгін өңірімізде жұмыс сапарымен энергетика министрі Болат Ақшолақов болды. Министр 2-ші Жылу электр орталығының жұмысын тексеріп, шұғыл жиналыс өткізді. Жиында станция қондырғыларын жөндеу бойынша жол картасын жүзеге асыру және келесі жылыту маусымына дайындық барысы талқыланды», - деп жазды облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Болат Ақшолақов облыс тұрғындарымен де кездесті. Кездесу барысында министр энергетика саласында атқарылып жатқан шараларға тоқталып, солтүстікқазақстандықтардың сұрақтарына жауап берді.