
«Бүгiн көп балалы ана Сәуле Қабдолманованың шаңырағында болып, мерекемен құттықтадым. Сәуле ханым 5 баланың анасы. Елiмiздiң кiшкентай азаматтарын тәрбиелеп отырған анаға алғысым шексiз», — деп жазды Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.
Бұл күнi өңiр басшысы еңбек ардагерi Анастасия Туркованың үйiне де барып, мерекемен құттықтады.
