Құмар Ақсақалов партиялықтарды әлеуметтiк желiлерде белсендi болуға шақырды

Құмар Ақсақалов партиялықтарды әлеуметтiк желiлерде белсендi болуға шақырды

Nur Otan СҚОФ партия активi өттi. Жиында Елбасының партияны жаңарту тапсырмалары талқыланды. Өңiр басшысы кадрлық резервтi қалыптастыру мәселесiн қозғады. Елбасының тапсырмасына сай, резервте 30 пайызы әйелдер, 20 пайызы жастар болуы тиiс. Құмар Ақсақалов осы топтарды жұмысқа белсендi тартуға шақырды.

Партия белсендiлерi әлеуметтiк желiлерде белсендi болулары тиiс.

«Әрқайсыңызды әлеуметтiк желiлерде парақша ашып, өз ойларыңызбен бөлiсуге шақырамын. Қазiр интернет арқылы бәрiн бiлуге болады. Халықпен жұмыс жасауға таптырмас құрал. Мен өзiм де әлеуметтiк желiлер арқылы байланысқа шығамын», — дедi Құмар Ақсақалов.