
«Бүгін «СЕВКАЗЭНЕРГО» өкілдерімен бірге Теміртаудағы «Корпорация «КазЭнергоМаш» ЖШС-де болдық. Бұл кәсіпорынның қазандық қондырғыларын жобалау, салу және қайта құру бойынша көп жылдық тәжірибесі бар. Зауыт біздің 2-ші ЖЭО қазандықтарына қажетті бөлшектерді шығаруды қолға алды», - деп жазды СҚО әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Зауыт басшылығымен кездесу өткізіп, жұмыс кестесі мен сапасына қатысты мәселелер талқыланды. Мамандармен бірге зауыттағы технологиялық процестер тексерілді, жаңа техникалық шешімдер табылды.
Зауыттың 100 % қуаты тек станцияның тапсырысын орындауға жұмсалады. Сонымен қатар қазандық бөлшектерін жасау үшін Петропавл ауыр машина жасау зауытын пайдалану қарастырылуда.