2019 жылдың 22 қарашасында ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Бердiбек Сапарбаев бастаған Үкiметтiк жұмыс тобы жұмыс сапарымен Солтүстiк Қазақстан облысына болады.
Жұмыс тобының құрамына үкiметтiң әлеуметтiк блогының: бiлiм және ғылым, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, мәдениет және спорт, ақпарат және қоғамдық даму министрлiктерiнiң басшылары кiредi.
Облыста жұмыс тобының мүшелерi жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен, денсаулық сақтау және бiлiм беру саласының қызметкерлерiмен, бизнесмендермен, ардагерлермен және жастармен кездеседi, бiрқатар әлеуметтiк және мәдени нысандарды, сондай-ақ Қызылжар ауданының елдi мекендерiн аралайды.
22 қарашада Петропавл қаласында Халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша республикалық кеңес өтедi.
Сапардың негiзгi мақсаты — Елбасының «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуiнiң негiзi» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгiленген мiндеттердi ел Үкiметiнiң iске асыруы туралы халықты ақпараттандыру.
Бұдан әрiҮкiметтiкжұмыс тобының өкiлдерi Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Түркiстан облыстарының, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарымен кездестi.