
Солтүстiк Қазақстанда республикалық акцияның аясында қоғамдық қабылдау өттi. Тұрғындарды облыс әкiмi мен оның орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары қабылдады. Азаматтарды жол, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және баспана мәселелерi толғандырады.
Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов 30 адамды қабылдады. Жалпы қабылдауға 103 азамат келдi. Аудандарда 405 адам өз сауалдарын мемлекеттiк органдардың басшыларына қоя алды.



