Облыс әкiмi Возвышенка ауылының тұрғындарымен кездестi

Облыс әкiмi Возвышенка ауылының тұрғындарымен кездестi

«Бүгiн М.Жұмабаев атындағы ауданның Возвышен ауылының тұрғындарымен нәтижелi кездесу өттi. Ауылдың өзектi мәселелерiн талқылап, шаруалармен бiрлесе отырып, Возвышен ауылдық округiн дамытудың нақты жоспарын белгiледiк», — деп жазды өңiр басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.

Ауылдық округтiң инфрақұрылымдық мәселелерiн шешуге 5 жылда мемлекет 1,3 млрд.тг бөлдi. Мектеп пен мәдениет үйi, ауылiшiлiк және айналма жол жөнделдi, жаңа жарықтандыру орнатылды. Возвышенкада 25 шақырым су тарату желiсi салынып, 500 үй су тартты.

«Қазiр Возвышенкада 120 бүлдiршiн бар. Мектеп жанындағы шағын орталық балалардың барлығын мектепке дейiнгi тәрбиемен қамти алмайды. Ауыл тұрғындары үшiн бұл өзектi мәселе. ЖШС басшылары балабақша ғимаратын қалпына келтiруге жобалық-сметалық құжаттама дайындап, жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлемiз», — деп жазды облыс әкiмi.

 Ауылда «Земля Возвышенки» ЖШС-i сүт кешенiнiң құрылысын бастайды. Бұл аудандағы алтыншы кешен болмақ. Облыста салынып жатқан жетi элеватордың бiрi де Возвышенкада орналасқан. Облыс әкiмi ауданға барғанда аталған нысандардың құрылыс барысын бақылады.