
Бұл жайында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында жазды.
2-шi Жылу электр орталығында жағдайды қалыпқа келтiру және келесi жылыту маусымын үздiксiз өткiзу үшiн «Севказэнерго» iс-шаралар жоспарын әзiрледi. Оның аясында орталық нысандарын күрделi жөндеуден өткiзу және салу жоспарланған. Ауқымды жұмыс атқарылмақ. Құрылыс-жөндеу жұмыстары тез арада басталады. Бұл ретте арнайы мамандардың пiкiрi мен бағасын ескеру өте маңызды.
«Бiздiң өтiнiшiмiз бойынша Үкiмет алдағы жұмыстарға сараптамалық баға беру үшiн бiр топ мамандарды жiбердi. Бүгiн мамандардың қатысуымен өткен кездесуде әзiрленген жоспар жан-жақты талқыланды. Бұл мәселе Президент пен Үкiметтiң бақылауында», — деп жазды өңiр басшысы.