Пандемия кезiнде облыс басшысы Zoom платформасында азаматтарды онлайн қабылдау жүргiздi. Шектеулер алынғаннан кейiн облыс әкiмi Құмар Ақсақалов дәстүрлi жеке қабылдауды қайта жандандырды. Аудан тұрғындары үшiн онлайн қабылдау жүргiзiле бередi.
Есiл ауданының тұрғыны Асқар Нұғыманов «Столыпинское» ЖШС-нен шығуға қатысты өз мәселесiн айтты. Өтiнiш берушi сұрағы бойынша жан-жақты түсiнiктеме алды.
Одан әрi Қызылжар ауданының тұрғыны Вруйр Геворкян жер учаскесiн беру бойынша сауалын жеткiздi. Аймақ басшысы аудан әкiмдiгiне бұл мәселенi оң шешудi тапсырды.
Қала тұрғыны Иван Насонов тұратын үйiнiң су басу қаупi бар екенiн айтты. Қала әкiмiне бұл мәселенi жан-жақты қарастырып, оның қорытындысы бойынша тиiстi шаралар қабылдау тапсырылды.