
СҚО әкiмдiгiнiң отырысында баспана құрылысы қаралды. Биыл қарқын жоғары. 2018 жылы 2068 пәтер салынса, биыл 2240 қолданысқа берiлмек. 2020 жылы 2842 пәтердi салу көзделген. Облыс әкiмi бұл көрсеткiштi 3 мыңға апаруға әбден болады дейдi.
Ипотекалық несиеге сұраныс 32 пайызға артқан. «7-20-25» жобасы бойынша 701 өтiнiм қабылданса, оның 468-i мақұлданды.
«Әлеуметтiк тұрғыда аз қамтылғандарға 482 пәтер салынды, оның 124-i көпбалалы отбасыларға. Яғни, 30 пайызы. 3 жылда бұл категорияның баспана мәселесiн толық шешемiз», — дедi Құмар Ақсақалов.
