СҚО әкiмi Шаховское ауылының тұрғындарымен кездестi

СҚО әкiмi Шаховское ауылының тұрғындарымен кездестi

"Бүгiн Қызылжар ауданындағы Шаховское ауылының тұрғындарымен кездестiм. Бұл кездесуде ауылдың өзектi мәселелерi талқыланды. Ауылдықтардың барлық сұрақтары мен ұсыныстары бақылауға алынды", — деп жазды облыс әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.

Соңғы 5 жылда Шаховское ауылына бюджеттен 447 млн.тг бөлiндi. Көшеге жарықтандыру орнатылды, су жүйесi тартылып, тұрғындардың 80% үйге су кiргiздi. Биыл шағын футбол алаңы мен балалар алаңқайы салынады. Ауыл тұрғындары үшiн өзектi мәселе — кiреберiс жол. Қазiр 12 шақырым жолды жөндеудi республикалық бюджеттен қаржыландыру мәселесi шешiлуде.

«Крахмал агро» серiктестiгiнiң басшылығы да Шаховское ауылын дамыту бойынша мiндеттемелер алды. Бұл қызметкерлердiң жалақысын көтеру, 1-4 сынып оқушыларын тегiн тамақтандыру, демалыс орталығын ашу, үйлерге су тарту, спорт алаңын орнату, медпункт пен пошта орналасқан ғимаратты жөндеу.