
Бұл жайында әлеуметтiк желiдегiң парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.
«Бүгiн облыстық балалар ауруханасында жаңа компьютерлiк томограф iске қосылды. Бұл бiздiң ауруханаларда орнатылған 8-шi томограф. Бес жыл бұрын өңiрде 4 томограф ғана болатын», — деп жазды өңiр басшысы.
Қалалық көпсалалы ауруханада тағы бiр томографты орнату жұмысы аяқталуға жақын. Қолданыстағы КТ аппараттары 1-шi қалалық аурухана мен Мүсiрепов аудандық ауруханасына жiберiлдi.
Жалпы заманауи медициналық жабдықтарды сатып алуға 5 жылда 14 млрд.тг бөлiндi. 2 мыңнан астам қондырғы алынды. Рентген аппараттары, цифрлы ангиограф пен маммографтардың тапшылығы мәселесi шешiлдi.