
Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов 2-шi ЖЭО-да болып, журналистерге бүгiнгi ахуал туралы айтты.
«Президент облыс орталығының тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етудi тапсырды. Апат болғанға дейiн 4 қазандық жұмыс iстеп тұрған. Нәтижесiнде екеуi iстен шығып, түнi бойы қалған екеуi жұмыс iстедi. Үшiншi қазандық таңертең iске қосылса, төртiншi қазандық түстен кейiн iске қосылады. Апатқа дейiнгi режимге көшемiз», — дедi аймақ басшысы.
Апат орнында барлық қызметтер жұмыс iстеп жатыр. Кеше апат орнында бiр адам жұмыс iстегенi белгiлi, құтқару және iздестiру жұмыстары жүргiзiлуде.
Апаттың себебiн анықтау үшiн арнайы комиссия құрылды. Құрамына әкiмдiк, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен мамандар кiрдi.