
«Бүгiн бiз батырларымызға құрмет көрсеттiк. Ел құрамасындағы бес параатлеттiң үшеуi бiздiң спортшылар болды. Солтүстiкқазақстандықтар қысқы Паралимпиада ойындарынан тарихи жетiстiкпен оралды. Елiмiздiң қоржынына жалғыз қола жүлденi Александр Герлиц әкелдi. Бұл қола алтынға тең, өйткенi облыс тарихында қысқы Паралимпиададан келген алғашқы медаль. Александр пәтер кiлтiн және ақшалай сыйлық алды», — деп жазды өңiр басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.
Параатлеттер Ербол Хамитов пен Сергей Усольцев және қысқы Олимпиадада конькишi Иван Аржаников жақсы өнер көрсеттi. Спортшылар мен жаттықтырушылар құрмет грамотасы, алғыс хат және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Спортшылардың жаттықтырушылары мен ата-аналарына алғыс айтылды.