Бексейiт ауылының болашағы талқыланды

Бексейiт ауылының болашағы талқыланды

Бүгiн Бексейiт ауылының (Мамлют) тұрғындарымен кездесу өттi. Жиында «Мамбетов и К» және «Бексейiт» серiктестiктерiнiң басшылары ауылдықтар алдында есеп берiп, биыл Бексейiт ауылында атқарылатын жұмыстар туралы айтты.

«2022 жылы Бексейiтте шаруашылықтар 10 жұмыс орнын ашып, еңбекақыны өсiрмек. Ауылда жаңа дәмхана ашылады. Фельдшерлi-акушерлiк пункттың жобалық-сметалық құжаттамасы жасалады. Серiктестiктер дүкендi өздерi өсiрген картоп, қарақұмық, ұн, асбұршақ сынды арзан өнiммен қамтамасыз етпек. Ауыл iшiндегi су жүйесi жөнделiп, үйлерге су тартылады. Бұл жұмыстардың барлығы меморандумда көрсетiлген және жыл соңына дейiн орындалуы тиiс», — деп жазды өңiр басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.