
«Бүгiн «Атамекен» кәсiпкерлер палатасында бизнес қауымдастықпен кездесу өткiздiм. Соңғы оқиғаларға байланысты кәсiпкерлердi туындаған мәселелермен жалғыз қалдыруға болмайды. Президенттiң тапсырмасымен Үкiмет дағдарысқа қарсы жоспар әзiрлеуде. Көлiктiк логистика және тауарларды, қондырғылар мен жинақтаушы бұйымдарды жеткiзу мәселелерi жедел шешiлуде.
Сондай-ақ бiз бизнесмендермен балама шешiмдердi де талқыладық. Сұрақтарды жедел шешу үшiн мүдделi мемлекеттiк органдар мен кәсiпкерлер палатасында байланыс орталықтары құрылды. Жағдай бiздiң жiтi бақылауымызда және бизнес қауымдастыққа жан-жақты көмек көрсетiледi», — деп жазды облыс әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.