СҚО әкiмi көпбалалы аналарды марапаттады

СҚО әкiмi көпбалалы аналарды марапаттады

««Ана» сөзi бәрiмiзге қасиеттi ұғым. Әр адамның өмiрiнде ананың алар орны бөлек. Осы орайда, көпбалалы аналар айрықша құрметке лайық. Бүгiн Халықаралық әйелдер күнi қарсаңында көпбалалы аналармен кездесiп, көктемнiң шуақты мерекесiмен құттықтадым», — деп жазды өңiр басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.

7 баланың анасы Инеш Жанайдарова, Анна Әбiшева және Ирина Исаеваға «Алтын алқа» табыс етiлдi. 6 баланы дүниеге әкелiп, тәрбиелеген Анар Амантаева мен Гүлбаршын Ақтаева «Күмiс алқа» алды.

«Өз өмiрлерiн бала тәрбиесiне арнап келе жатқан батыр аналарға бас иiп, алғыс айтамын», — деп жазды облыс әкiмi.