Бұл жайында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында жазды.
«Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс әртүрлi елдердiң экономикасына әсер етедi. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкiметке дағдарысқа қарсы жоспар қабылдауды тапсырды. Бұл елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын сақтауға мүмкiндiк бередi. Бiз солтүстiкқазақстандық зауыттардың жұмысын жiтi бақылап отырмыз, өйткенi олар басқа елдерден, соның iшiнде Ресей мен Украинадан жинақтаушы бұйымдарды сатып алады. Кәсiпорындардың шығындарын азайту үшiн логистика мәселелерiн жедел шешетiн боламыз», — дедi Құмар Ақсақалов.
Биылғы жылға 65 миллиард теңгеге зауыттардың тапсырыс қоржыны жасақталуда, бұл жергiлiктi кәсiпорындарды жұмыспен қамтамасыз етедi. «ЗИКСТО» зауыты тұрақты жұмыс iстеп келедi. Кәсiпорын өткен жылы 21 млрд теңгеге 851 вагон-платформаны жасады. Бұл сома 2020 жылғы көрсеткiштен 37%-ке көп. Биылғы жоспар — 1,1 мың вагон-платформа. Қосымша 100 жаңа жұмыс орны ашылады.