Бұл жайында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында жазды.
«Науқас Әйгерiм Қазезованың өлiмiне қатысты облыста тәуелсiз комиссия жұмыс iстедi. Жан-жақты тексеру жүргiзiлiп, оның барысында барлық фактiлер расталды. Осыған байланысты нақты шешiмдер қабылданды», — деп жазды өңiр басшысы.
Қызметiнен босатылғандар:
Юрий Белоног — көпсалалы облыстық аурухананың бас директоры;
Анатолий Рафальский — Тайынша аудандық ауруханасының директоры.