СҚО әкiмi Жамбыл ауылының тұрғындарымен кездестi

СҚО әкiмi Жамбыл ауылының тұрғындарымен кездестi

Бұл жайында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiлердегi парақшасында жазды.

«Жамбыл ауданындағы Жамбыл ауылының тұрғындарымен кездестiм. Жиын барысында қос ЖШС басшылары атқарылған жұмыстар туралы есеп бердi. Айтпақшы, шаруалар мұндай форматтағы есеп беру жиынын көптен берi өткiзбептi. Тұрғындарды ауылдың даму болашағы толғандырып отыр. Есептiк жиында Жамбыл ауылының жағдайын жақсарту бойынша нақты мiндеттер айқындалды», — деп жазды өңiр басшысы.

«Алисарай» ЖШС жыл соңында сүт фермасын iске қосып, 25 ауыл тұрғынына жұмыс табылады. Медициналық пункт пен кiтапханаға арналған ғимаратты жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзiрлейдi. «Атамекен-агро» серiктестiгi мектептi жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама жасап, су тарату жүйесiн қалпына келтiрмек.

«Серiктестiк басшыларының бұл мiндеттемелерi меморандумда бекiтiлдi. Әрбiр тармақтың орындалуы бiздiң бақылауда болады», — дедi облыс әкiмi.