Бұл мәселе облыс әкiмдiгiнiң отырысында талқыланды.
Биылғы жылы жедел әрекет ету үшiн 2,5 мың адамнан және 1,5 мың бiрлiк техникадан тұратын күштер тобы құрылды.
Соңғы 5 жылда 170 елдi мекенде су тасқыны қаупi жойылды.
«130 шақырымнан астам жер үйiндiлерi, 7 шақырымнан астам қорғаныс бөгеттерi салынды, облыс жолдарына 79 су өткiзгiш құбыр, 7 құбыр орнатылды, 48,5 шақырым су бұру жүйесi салынды және жөнделдi», — деп атап өттi облыс әкiмi Құмар Ақсақалов.
Биыл 6 мыңнан халқы бар 85 ауыл бақылауға алынған, оның 13-де қауiп жоғары.