СҚО әкiмi: балалар инфекциялық бөлiмшесi жаңа ауруханаға көшедi

СҚО әкiмi: балалар инфекциялық бөлiмшесi жаңа ауруханаға көшедi

Бұл жайында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов облыстық балалар ауруханасында мәлiмдедi.

«Балалар жұқпалы аурулар бөлiмшесi ғимаратының жай-күйi туралы әлеуметтiк желiдегi пiкiрлерiңiздi, өтiнiштерiңiздi де оқыдым. Ковид бойынша жағдай жақсарған кезде балалар бөлiмшесiн жаңа жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырамыз. Заманауи емхана 200 орынға есептелген, оның жартысы балалар бөлiмшесiне берiледi», — дедi облыс әкiмi.