СҚО-да жаңартылған балалар шұғыл хирургиясы бөлiмшесi ашылды

СҚО-да жаңартылған балалар шұғыл хирургиясы бөлiмшесi ашылды

Бұл жайында әлеуметтiк желiдегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.

Облыстық балалар ауруханасында жаңартылған балалар шұғыл хирургиясы бөлiмшесi ашылды. «Сәби» қайырымдылық қоры бөлген 335 миллион теңгеге күрделi жөндеу жүргiзiлiп, ота қондырғылары алынды. Бүгiн «Сәби» қорының президентi Әсел Тасмағамбетова мен облыс әкiмi атқарылған жұмыстарды тексердi. Мұнда балаларға қолайлы жағдайлар жасалған, операциялық блок заманауи қондырғылармен жабдықталған.

«Облыстық балалар ауруханасына мемлекет тарапынан да қаржы бөлiнуде. Бiр ғана осы ауруханаға 2 жыл iшiнде медициналық аппараттар алуға 690 миллион теңге бөлiндi. Қазiр жаңа Компьютерлiк томограф орнатылуда. Ауруханаға рентген аппаратын, эндоскопия және ЛОР хирургиясына арналған екi бейне стенд сатып аламыз. 134 миллион теңгеге жансақтау бөлiмшесiне күрделi жөндеу жүргiзiледi», — деп жазды өңiр басшысы.