СҚО шаруалары ауылдарды дамыту бойынша мiндеттемелер алуда

СҚО шаруалары ауылдарды дамыту бойынша мiндеттемелер алуда

Бұл жайында әлеуметтiк желiдегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.

«Ауылдарымызды дамыту — мемлекет пен шаруалардың ортақ мiндетi. Мен ауыл тұрғындарын да жұмысқа белсене қатысуға шақырамын. Тұрғындардың алдындағы шаруалардың жылдық есебi мен ауылдарды дамыту жоспарын талқылайтын қорытынды жиындар тиiмдi алаң болуы керек. Бүгiн «Полтавское» ЖШС-де осындай форматтағы жиын өттi. Ауыл тұрғындары атқарылған жұмыстар мен 2022 жылға арналған жоспарлар туралы есептi тыңдап, ауыл өмiрiн жақсарту бойынша өз ұсыныстарын айтты», — дедi өңiр басшысы.

Мәселелердi бiрлесiп шешу керек. Сондықтан ЖШС, ауылдық округ әкiмдiгi және тұрғындар арасында тараптардың мiндеттемелерi нақтыланған меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес серiктестiктiң мiндеттемелерi келесiдей:

  • Егiн орудан кейiн алынған таза кiрiстiң кемiнде 5% көлемiнде дивидендтердi уақтылы төлеу
  • Ауылдың дамуына, жолдар мен су тарату желiлерiн күтiп ұстауға, сондай-ақ үйлерге 50% жеңiлдiкпен су жеткiзуге белсендi қатысу
  • Халықтың әлеуметтiк осал топтарына материалдық көмек көрсету
  • Бiлiмге қайырымдылық гранттарын бөлу, кейiннен ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыру
  • Жұмыс орындарын құру және сақтау, серiктестiк қызметкерлерiне үй салу
  • Бiлiм және денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында ауылда өмiр сүруге қолайлы жағдай жасау
  • Ауыл тұрғындарын жем-шөппен қамтамасыз ету
  • Ауылды күтiп ұстау және көгалдандыру
  • Абаттандыру бойынша штаттық бiрлiк енгiзу
  • Жастардың бос уақытын өткiзудi қамтамасыз ету
  • Жастарға жеңiлдетiлген несие беру

Ауылдарды жаңартуға мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлiнуде. Шаруашылық басшыларының тұрғындар алдындағы әлеуметтiк жауапкершiлiгi де жоғары болуы керек. Өйткенi, өзектi мәселелердi шешу еңбек өнiмдiлiгiне, ауыл тұрғындарының әл-ауқатына тiкелей әсер етедi.

«Меморандумға қол қойылғаннан кейiн бiр жыл өткен соң ЖШС басшысы қорытынды жиналысқа тұрғындарды жинап, атқарылған жұмыстар туралы есеп берiп, жоспарлар туралы айтуы керек. Барлық тараптың ниетi ғана ауылды дамытуға мүмкiндiк бередi. Мұндай қорытынды кездесулер барлық ауылшаруашылық құрылымдарында өткiзiлуi керек», — дедi облыс әкiмi.