
Бұл сұраққа облыс әкiмi Құмар Ақсақалов жауап бердi.
«Бұл сұрақты әлеуметтiк желi қолданушылары маған жиi қояды. Бұл ықшамауданның тұрғындары ескi және тозығы жеткен үйлердiң сүрiлуiн көптен күтiп отыр. Көктемде сүру жұмыстарын бастап, шағын ауданның құрылысын бастаймыз. 9 көп қабатты үй салынады», — деп жазды өңiр басшысы.
2022 жылы тұрғын үй құрылысының қарқыны бәсеңдмейдi. 5 жалгерлiк-коммуналдық және 9 несиелiк үй тапсырылады. Сондай-ақ несие желiсi бойынша тағы 13 үй салынады. 15 коммерциялық көпқабатты үй берiледi. Ивесторлар заманауи тұрғын үй кешендерiн сала бастайды.
Жалпы, биыл облыста 400 мың шаршы метрден астам тұрғын үй немесе 4 мың пәтер салынады. 14 мыңға жуық тұрғын қоныс тойын тойлайды.
2021 жылы 346 мың шаршы метр немесе 3,5 мың пәтер пайдалануға берiлдi. 12 мыңнан астам солтүстiкқазақстандық жаңа баспанаға ие болды.