
Бұл жайында әлеуметтiк желiдегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.
«Тұрғындар үшiн ауыз су — өзектi мәселе. 5 жылда облыста 180 мың адам тұратын 250 ауылға су тартылды. 1 мың шақырым су құбыры салынды. 6,5 мың отбасы үйге су кiргiздi», — деп жазды өңiр басшысы.
Биыл қаржыландыру көлемi 12,3 млрд теңгеге жеткiзiлдi. 2 мыңнан астам үй орталық су жүйесiне қосыла алады. 55 ауылда жаңғырту және құрылыс жұмыстары жүргiзiледi. Оның iшiнде 18 ауылда бұрын су желiлерi болған емес.
«Былтырғыдай тұрғындар үйлерiне суды аз шығынмен жеткiзiп алуы үшiн мүмкiндiгiнше көп құдық орнатамыз. Сондай-ақ шаруаларды тұрғындарға қаржылай көмек көрсетуге шақырамын», — деп жазды облыс әкiмi.