СҚО-ға 8 өрт сөндiру автоцистернасы келдi

СҚО-ға 8 өрт сөндiру автоцистернасы келдi

Бұл жайында әлеуметтiк желiдегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.

Өңiрде өрт сөндiрушiлер мен құтқарушыларды заманауи техникамен қамтамасыз ету жұмысы жүргiзiлуде. 4 жылда 43 арнайы техника сатып алынды.

«Бүгiн облысқа 8 өрт сөндiру автоцистернасы келдi. Жаңа машинаның техникалық мүмкiндiктерi жоғары және сыйымдылығы екi есе көп», — деп жазды өңiр басшысы.

Жаңа көлiктер 7 аудан мен облыс орталығына берiледi. Босатылған техника шалғай ауылдарда өрт сөндiру бекеттерiн құруға пайдаланылады. Бүгiнде алыстағы елдi мекендерде 42 өрт сөндiру бекетi бар.